Жуылған мәйiттен нәжіс шықса не iстеу керек үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Егер мәйiт денесiнен қан, iрiң не сол сияқты дәрет бұзар нәжіс шықса және де ол кебiнге тисе, бiрақ мәйiт кебiнге әлi оралмаған болса, онда мәйiтке оның зияны жоқ. Тек кебiнделмей тұрып ластанған жерлерi жуылады. Мәйітті кебінге орап қойғаннан кейін болмашы нәжіс шыққан жағдайда, жуымаса да болады. Ал нәжіс кебінді қатты ластайтын болса, кебіні жуылады. Себебi мұндай жағдайда мәйiтке жаназа оқуға болмайды. Бірақ мәйiт қайта жуылмайды. Ал егер мәйіт денесіндегі ауыр жарақат салдарынан қан, ірің секілді нәжіс нәрселер қайт-қайта шыға беретін болса бір-ақ рет жуылады.

Return to Top ▲Return to Top ▲