Мәйiтке жасалуы мәкрүһ нәрселер үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Мәйіттің сақалы, шашы таралмайды. Сондай-ақ мәйiттiң шашы, тырнағы алынбайды, сақал-мұрты қысқартылмайды, қолтығы мен әуретті жерлеріндегі түктерiн тазалауға болмайды. Мәйiт қайтыс болғанда қандай күйде болса, сол күйiнше жуып жерлеу керек. Егер шашы немесе тырнағы түсiп қалса, мәйітпен бiрге көму үшін оларды кебінге салып қою ләзім. Бұл Әбу Ханифа (р.а.) мазһабы ғұламалары келіскен үкім. Ас-Сарахсидің «әл-Мухит» атты еңбегінде және басқа да кітаптарда: «мәйіттің шашы мен сақалы таралмайды және тырнақтары мен шаштары алынбайды», сондай-ақ Бурһан ад-Дин әл-Маргинанидің «Һидаясында» да: «мұрты басылмайды, қолтық және дене түктері қырылып тазаланбайды»,- делінген.

Return to Top ▲Return to Top ▲