Мәйiттi жуу рәсiмдерiнің үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Мәйiттi жуу тiрiлерге парыз кифая (мұсылмандардың бір тобы оны орындаса, қалған жамағат мойнынан жауапкершілігі түсетін амал). Яғни сүйекке бiрнеше кiсi кiрсе басқалардың мойнынан парыз түседi.

Шамсуддин Сарахси (р.а.) өзінің «әл-Мабсут» атты еңбегінде: «Мұсылман мәйіттің жуылуы мұсылмандар мойнындағы міндет»,-деген.

Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылманның мұсылманда алты хақысы бар»,-дейді. Осы алты хақының бірі жан тапсырғаннан кейін мәйітті жуу.

Мәйiттi бiр рет жуу парыз, бірнеше қайтара тақ етіп жуу мұстахаб.

Return to Top ▲Return to Top ▲