СИРИЯДА БОСҚЫН БАЛАЛАР САНЫ 1 МИЛЛИОНҒА ЖЕТТІ

Сириялық босқындар арасындағы балалар саны бір миллионға жетті. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар мен балалар ісі жөніндегі агенттік хабарлады.

Бұл арада сөз Сирия аумағынан тысқары жерде, жат елде өмір сүріп жатқан босқын балалар жөнінде болып отыр.

Аталмыш агенттіктің есебінше, екі миллиондай сириялық балғын шекара аспаса да, оқ пен оттан бас сауғалып, көше қаңғырып кеткен. Яғни, баспанасынан, туған елдімекенінен тысқары жерде өмір сүріп жатыр.

БҰҰ сарапшыларының айтуынша, осындай күйге түскен балалар сириялық босқындардың жарымына жете-қабыл. Олардың төрттен үші он бір жасқа енді аяқ басқандар екенін айта кету керек.

www.muslim.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲