Білімнің ислам дініндегі орны

Білім сөзі арабтың «علم» сөзінен туындаған қазақ тілінің ажырамас бір бөлшегі болып кеткен . Аллаһ Тағаланың көркем есімдерінің бірі «عليم» яғни білуші дегенді білдіреді. Барлық білім Алладан бастау алады. Алла тағала адамзат баласына керекті білімдерді үйретті. Құранда Бақара сүресінің 31-аятында: وَعَلَّمَآدَمَالأَسْمَاءكُلَّهَا

«Алла тағала Адамға барлық нәрселердің аттарын үйретті»,  деумен біздерге тіршілік қылу үшін Адам атамызға періштелердің де білімі жетпейтін білім дарытты. Сол білімнің қадірімен Адам атамыз періштелерден де абзал жаратылыс санатына жетті. Жүсіп Баласағұни бабамыз:  «Біліксіздер өзі нағыз басыр-ды, білім үйрен, надан, көзін ашылсын, деп білімнің артықшылығын жырлауды қазіргі ақпарат   заманында білім іздеу парыздың парызы. Қазақта: «Соқыр тауыққа бәрі бидай дегендей, жаңа үйреніп жүргендерге дінді бұрмалап, өздеріне тиімді жағынан көрсетушілер  баршылық. Осындай ақпараттар легінде тура жол табудың бірден-бір жолы – білімге ат-үсті қарамай, тереңнен үңіліп, ықылас ниетінді салып, ден қойып, дұрыс бұрысын айырып алуда. Құранның алғашқы түскен аяты да «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты, біздерге білім алуды парыз қылып тұрған жоқ па?!

اقْرَأْبِاسْمِرَبِّكَالَّذِيخَلَقَ

Ы. Алтынсарин өзінің өлеңінде:

Бір Құдайға сыйынып,

Кел балалар оқылық, деп білімнің ең абзалы діни білім екендігін меңзеп тұр. Адам жақсы мен жаманды, адал мен харамды айыратын діни білімді қалдырып, заманауи   біліммен ғана шектелсе, ондай білім оны екі дүниенің бақытына жеткізбейді. Өйткені ол тура жолдын сүрлеуі болған Құран мен хадистерді ұқпаса, білімнің иесі – Алла тағаланы мойындамаса, тура жолдан адасып,  түбінде зиян шегушілерден болады. Мысалға пайыз алу, пайыз беру, пара беру, пара алу харам екендігін білмеген адам тәубасын жасамаса, Құдайдың қаһарына ұшырайды. Құранда:

قُلْهَلْيَسْتَوِيالَّذِينَيَعْلَمُونَوَالَّذِينَلَايَعْلَمُونَإِنَّمَايَتَذَكَّرُأُوْلُواالْأَلْبَابِ

«Білгендер мен білмегендер тең бола ала ма?!»[1], – деп жалпы білімді адамның дәрежесі надан адамнан үстем болатынын білдіруде. Ахмед Иүгінеки:

«Білімді тең келеді мың кісіге, білімге сай өзге не бар»,- деп білімді адамның дәрежесін айғақтап тұр. Діни білім алу көздері  Діни басқарма мақұлдаған кітаптар, журнал, газеттер және еліміздегі Діни басқармаға қарасты медреселер. Өсіп келе жатқан ұрпағымыз, жақсы көретін жандарымыз, туған туыс, жақын-жарандар адасып, жаман жолдарға түсіп кетуінен қорықса, мысалға арақ ішу, құмар ойнау, нашақорлық, тағы осы сияқты теріс әдеттерден сақтанудың жолы – білім жолы. Пайғамбарымыз(а.с): Кімде-кім білімге жол салса, Алла тағала оған жаннатқа жететін жолын жеңіл қылады[2],-деді. Өйткені білім нұр сияқты. Адамның өмірлік жолын нұрландырып, бұрыс пен дұрысты, қисық пен түзуді, адал мен харамды, жақсы мен жаманды айырып, өзін адасудан сақтайды. Ал надан адам болса, ешнәрсенің байыбына бармай, нәпсінің құлы болып, мағнасыз өмір кешеді. Тіпті имам Ғазали: «Адамды хайуаннан артық қылып тұрған – білім», – деп дөп басып айтқан. Өзінің адам деген құрметті жаратылыс екенің біліп, жан дүниесінде Аллаға деген махабаты, пайғамбарға деген махабаты оянып, нәпсінің құлы емес, Алланың құлы, Мухаммедтің (с.ғ.с) үмбеті болып, Алланың жанында адами болмысын біліммен сақтайды. Біліммен бұл дүниенің де, о дүниенің де жақсылығына жетеді. Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Қиямет күнінде қайғыруда қаттылары, олар мүмкіндігі бола тұра білім алуды қойып қойғандар», деп, біздерге  осы дүниедегі өмірімізді білімге арнау керектігін білдірді. Әсіресе, жас уақытта білім алу керек. Қазіргі уақытта діни басқармаға қарайтын медреселерде білім алуға жағдай жасалған. Оқулары, жатақханалары және тамақтары тегін. Ұстаздары – ғалымдар. Тек ықылас ниетінді қойып, екі дүниеде бақытқа жеткізетін білімге ден қою. Жүсіп Баласағұнидің сөздері дәл осы тұстқа айтылғандай: «Кел, ей, надан! Дертке дауа жасағын: Надан білім алса құты тасады».  Ибн Абду Бардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз(а.с): «Білім алыңдар, өйткені ол тақуалық, оған ұмтылу – құлшылық, білім таластыру – тасбих, білмегенінді анықтап сұрау Құдай жолында күреспен тең, білмегенді үйрету –  садақа, ол білімді тиісті адамға беру – Құдайға жақындататын игі іс. Білім адал мен харамның арасын ажыратады. Жаннаттың жолын көрсететін нұр. Жеке қалғанда ермек, жалғыздықта серік. ешкім жоқта сұхбаттас досың, қайғы мен қуанышта қолдаушың, дұшпаны қарсы қаруын, достарынның ортасында көркің», деп білімнің артықшылықтарын бірін қалдырмай жіпке тізіп берген.

Ислам діні білім алуда ер мен әйелдің арасын бөліп жармай, кәрі мен жастың арасын айырмай, көкірегінде жан тұрғанда білім ал деп насихаттап жатыр. Табарани, байхақидан жеткен хадисте пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Білім алу мұсылман ер мен әйелге – парыз,» десе, тағы бір хадисінде:«Ағаш бесіктен жер бесігіне дейін білім ізде», деген. Қазақтың дана сөздеріңде: «Білімдіге нұр жауар», дегендей, білім адам баласын биік мақсатқа жетелейді. Білімсіздің мысалы адасып, айдалада жалғыз қалып қойған, дұрыс жол қай жақта екенің білмей абдырап қалған,кез келген уақытта аң-құсқа жем болам деп қорыққан адам. Абу Шайхтан жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Білім – Ислам дінінің жаны, әрі тірегі» деп, білімсіз діннің жаны, тірегі болмайтынын айтқан. Сондықтан  білімнің жаршысы болған ғалымдар тұрғанда дін жоғалмайды. Әр заманда білім адамзатты туралыққа, әділдікке, ынтымақ пен бірлікке шақырушы күш болды. Ал надандық болса қоғамда зұлымдық пен теңсіздік, анархия мен бейберектсіздікке алып барады. Сондықтан білім іздеу үлкен сауаптарға жеткізеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Абу Зарр(р.а) досына: «Уа, Абу Зарр ертелеп білім саласының бір бөлімін үйреніп, соған амал қылуың сен мың рәкат нәпіл намазын оқуынан артық» деген. Абдулла ибн Масъуд(р.а) бір сөзінде өз заманымен келер уақытты салыстырып: «Қазір амал жасайтын кезең, бір уақыттар келеді, онда амал емес, білім іздеу керек болады» деп,  алдағы уақыттарда адамдарға тура жол көрсетуде білімнің орның көрсетіп тұр. Әсіресе, Ислам дінінің бес парызын, иманның алты парызын, ихсан білімін, пайғамбарымыздың(а.с) өмірін, сахабалардың өмірін, табиғиндердің өмірін, үлкен күнәләрдің , кіші күнәләрдің қайсы қандай екенің білсе, адамға Алланың тура жолы айқындалмай ма?! Құранда: إِنَّمَايَخْشَىاللَّهَمِنْعِبَادِهِالْعُلَمَاءإِنَّاللَّهَعَزِيزٌغَفُورٌ

 

«Раббысынан көбірек қорқушылар – ғұламалар»[3], деген. Біліммен біз екі дүниенің жақсылығына жетеміз. Бірде Басра шаһарының халқы білім абзал ма. әлде мал яғни дүние байлық абзал ма деп тартысқа түссе керек. Сөйтіп сол кездің бетке ұстар ғалымы Абдулла ибн Аббасқа елші жіберіп, сұрақтарының жауабын сұрайды. Сонда ол : «Білім абзал деп жауабын береді. Келген кісі: олар менен дәлелін сұраса, не деймін, деп тұшымды жауабын күтеді. Ибн Аббас: «Оларға айт: Білім пайғамбарлардың (с.ғ.с) мұрасы, ал мал болса перғауыннан қалған мұра. Білім, әлбетте, сені сақтайды, ал малды сен қорисың. Алла тағала білімді сүйген құлына ғана береді. Ал малды сүймегеніне де, сүйгеніне де береді. Бәлки сүймегендеріне көбірек береді. білім пайдаланумен кемиді, азаймайды. Ал мал пайдаланумен азайып, кемейді. Мал иесі дүниеден өтсе ұмытылады, ал ғалым адам дүниеден өтсе де, оның қалдырған білімі өлмейді. Мал иесі ақиретте әрбір дирхамына оны қайдан тауып, қайда жұмсағаны жайында сұралады. Ал ғалым адамға әр бір сөзініне жаннаттан дәрежелер беріледі», деп білімнін артықшылығын дәлелдеп берген.  Абай атамыздың:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ер жеткен соң түспеді уысыма

қолымды мезгілінен кеш сермедім

Баламды медресеге біл деп бердім,

қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім,

дегендей балаларыңызды медресеге жіберіңіздер. Тура жолды тапсын, Жаратушы Құдайын білсін, мүміндерге жанашыр пайғамбарын танысын, ақ пен қараны, тура мен бұрысты ажыратып екі дүниенің жақсылығына жетсін. « Жауаһирил  Хикаят» кітабындағы қиссаларда қазылық қызмет атқарған адам о дүниелік болғанда қабір азабына түседі. Артында қалған ұрпағы дін білімін үйренуге медресеге барады. Мұғалімі балаға «бисмилләһир рахманир рахим деп айтуды үйретеді. Осы сәтте Алла тағала Жабраил періштесіне: «Пәленше бендемнің ұрпағы менің есімдерімді айтып жатыр. Оның атасын қабір қыспағынан босат, ұрпағы мені ұлықтап жатқанның әкесін азаптауым  маған лайық емес»,- деп кешулік қылған екен.

Абылай Құрмашұлы

Қалалық «Мұхсин» мешітінің имамы

[1] Зумрат 8-аят

[2]Муслим, Термизи

[3] Фатир сүресі 28-аят

Return to Top ▲Return to Top ▲