Қызылжар өңірінде қос мешіт ашылды

Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына және Солтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 80 жылдығы қарсаңында  Қызылжар өңірінде екі мешіттің салтанатты ашылуы  болды. Оның  бірі үстіміздегі жылдың 5 қарашасы күні  Айыртау ауданының Кириловка елді мекенінде,  екіншісі 6 қараша күні Есіл ауданы, Петровка селосында ашылды.

Екі мешіттің салтанатты ашылу рәсімін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы арнайы құттықтады.

Аталмыш игі іс-шарада өз қаражаттарына мешіт салған азаматтарға Бас мүфтидің атынан ризашылығын білдіріп, өңірлік алғыс хатпен марапатталды.

Мешіттердің  ашылу салтанатына екі ауданның  әкімдері, СҚО-ның құрметті азаматы, ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Сағындықов, қажылар,  зиялы қауым мүшелері қатысып, өз лебіздерін білдірді.

Қос мешітте да алғаш рет азан айтылып, намаз оқылып, соңынан мешіт ашылуына қатысқан барша қауымға қайырымдылық ас берілді.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

dsc01523 dsc01557 dsc01558 dsc01565 dsc01570 dsc01504dsc01573 20161106_133630 20161106_133638 20161106_133650  dsc01515 dsc01559

Return to Top ▲Return to Top ▲