СҚО, Қызылжар ауданында қос ауылдарда мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Оның бірі – Пенькова ауылдық мектепте. Онда ауыл әкімі Аслан Қайратұлы, мектеп оқушылары, мұғалімдер және дін өкілдерінің басшылары қатысты. Шара барысында шақырылған қонақтар діни баяндама жасады. Атап айтқанда Қызылжар ауданы, «Кәусар» мешітінің бас имамы Қадырбек Қуанышұлы Шарипов «Ислам бейбітшілік діні» атты екі тілде баяндама жасаса, Пенькова ауылының молдасы Сураганов Қанат Қасымұлы жиналғандарға жылы лебізін білдірді. Мектеп директоры Сарбинас Кареевна келген қонақтарға өз атынан алғыс білдіріп, мұндай отырыстардың оқушылар үшін өте маңызды екенін, әсіресе қазіргі уақыттағы дәстүрлі идеяларға сәйкес діни ақпараттандыру қажет екенін айтты.
Тағы осындай кездесу Архангелька ауылында өтті. Бұл шараға аталмыш ауылдың әкімі Мұрат Жағыпарұлы, аудандық мешіттің бас имамы Қадырбек Қуанышұлы, мектеп ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Отырыс соңында оқушылар, ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, дін маманынан тұшымды жауап алды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі