М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дағы семинар

2016 жылғы 13 қазанда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғимаратында «Солтүстiк Қазақстан облысындағы тiркелген дiни ұйымдардың қалыптасу қағидаттары» ғылыми-әдiстемелiк семинары өткзiлдi.

2016 жылғы 13 қазанда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғимаратында «Солтүстiк Қазақстан облысындағы тiркелген дiни ұйымдардың қалыптасу қағидаттары» ғылыми-әдiстемелiк семинары өткзiлдi.

Семинардың мақсаты — жастарды экстремистiк дiни ұйымдар мен деструктивтi культтерге тартудың алдын алу бойынша оқыту мен тәрбиелеудiң жаңа түрлерi мен әдiстерiн жасап шығару.

Семинарда «Қазақстан тарихы және әлеуметтiк-гуманитарлы пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы А.В. Никифоров «Деструктивтi культтарға деген жастар арасындағы иммунитеттi қалыптастыруда дәстүрлi дiндердiң рухани-адамгершiлiк құндылықтарының рөлi», Дiн iстерi басқармасының дiни бiрлестiктермен жұмыс жөнiндегi бөлiмiнiң басшысы Б.С. Мұқанова «Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер қызметiнiң заңнамалық негiздерi», СҚО прокуратура басқармасы I бөлiмiнiң аға прокуроры Е.Қ. Нурушкин «Мемлекеттiк-дiни қарым-қатынастар саласындағы азаматтардың құқықтық жауапкершiлiгi», СҚО ДIБ «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ақпараттық-түсiндiру бөлiмiнiң басшысы А.М. Жұмағалиева «Десруктивтi культтердiң жастарды ғаламтор арқылы тартуынан қорғау әдiстерi», «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушiсi,тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Л.А. Гривенная «Дiни сауаттылықты арттыру және дiни экстремизмнiң алдын алу бойынша ЖОО қызметi», Петропавл қаласындағы облыстық «Қызылжар» орталық мешiтiнiң дiнтану және араб тiлi ұстазы Х.Қ. Әдiлбеков «Дiни ағарту формасы ретiндегi дәрiстiк сабақтар (М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерiне арналған «Дiнтану» дәрiстiк курсының мысалымен)» тақырыптарында сөз сөйледi.

СҚО дiн iстерi басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ талдау және әлеуметтiк зерттеулер бөлiмiнiң сарапшы-талдаушысы О.В. Синяков «Солтүстiк Қазақстан облысының дiни бiрлестiктерi: тарих және қазiргi күйi» ақпараттық-талдамалық анықтамасының тұсаукесерiн жасады.

Семинарға Петропавл қаласының «Зайырлылық және дiнтану негiздерi» курсының мұғалiмдерi мен университеттiң оқытушылары қатысты.

Семинардың қорытындысында пiкiр алмасу болды, ұсыныстар жасалды.

1

Return to Top ▲Return to Top ▲