Қарттар мен мүгедектер де қолдау айлығы шеңберінде «Қызылжар» орталық мешіті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Атап айтқанда, асырауында балалары бар мүгедек аналардың ұйымы – «Асыл ана» қоғамының мүшелеріне мешітте дастархан жайылды. Мешіттің ұйымдастыруымен және Руслан Дүйсенбекұлы деген қайырымды азаматтың қол ұшын беруімен жайылған дастархан басына қоғам мүшелерінің барлығы дерлік жиналды. Олардың алдында мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы Исаев уағыз айтты. Ол:
Пайғамбарымыз(с.ғ.с) үмбетіне айтқан өсиеттерінде үлкендерді сыйлап, жастарға мейірімді болуды тапсырған,-деп атап көрсетті. Шара барысында сөз алған «Асыл ана» қоғамының басшысы Т.Сарсекеева ұжым атынан алғысын білдірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі