Кеше «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Осындағы асханада Салима қажы Атажанқызының демеушілігімен Петропавл қаласындағы жетімдер үйінің 24 тәрбиеленушісіне кең дастархан жайылып, Құрбан айтынан дәм татырды. Онда «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы лебіз білдіріп, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.): «Шалған құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін – садақа ретінде таратқан» деген хадисін мысалға келтірді. Қажының бұл қайырымдылығын дастархан басына жиналған басқа қажылар да қолдады.
Қажының қайырымдылығы мұнымен шектелгелген жоқ. Ол 16 ұл мен 8 қызға киім-кешек те берді.