АЛМАТЫДА ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХІІ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар Кеңесінің жұмысы басталды. Кеңес отырысына ҚМДБ төраға орынбасарлары – Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, Кеңес хатшысы, ғылым докторы Ершат Оңғаров, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, исламтанушы ғалымдар – Сансызбай Шоқанов, Мұхитдин Исаұлы, Алау Әділбаев, Әбсаттар Сманов, Смайыл Сейітбеков, Батыржан Мансұров, Сәбит Ибадуллаев, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы, т.б. теологтар қатысуда.

Келелі жиынды ашқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ғұламалар Кеңесінің жұмысына тоқталып, осы уақытқа дейін қабылданған пәтуалардың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде Ғұламалар Кеңесі өзінің қызметінде Құран Кәрімді, пайғамбар хадисін, сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мәзһабын, елімізде қабылданған заң нормаларын басшылыққа ала отырып, діни мәселелер төңірегінде пәтуалар қабылдап, маңызды жұмыс атқарып келеді. Кеңес жұмысының еліміздегі діннің, руханияттың дамуы мен болашағы үшін маңызы өте зор. Өйткені, Ғұламалар Кеңесінің қоғамдағы орны мен рөлі ерекше көрініс тапты», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ ғалымдары ХІІ отырыста «Діни қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы», «Діни қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасы» құжаттарын талқылап, «Тағамның құрамындағы эмульгатордың үкімі» пәтуасы туралы пікір алмасуда.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz

DSC_6370 DSC_6384DSC_6380 DSC_6326DSC_6355 DSC_6375DSC_6324 DSC_6303  DSC_6360  DSC_6347 DSC_6358  DSC_6300

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасқз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲