Мамлютка қаласындағы «Ықлас» мешітінде осы мінәжат үйінің ұйымдастыруымен және «Қызылжар» орталық мешітінің жастар ісі бөлімі өкілдері қатысуымен жергілікті жиналған жас мамандарға «Ислам және зайырлы қоғам» атты тақырыпта кездесу өткізілді.
Оны «Ықлас» мешітінің бас имамы Рамазан Шереханұлы кіріспе сөзбен ашты. Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Аян Болатұлы жалпы ислам, зайырлы елде ұлт пен дінаралық қарым-қатынас, бір шаңырақта тату-тәтті өмір кешіп, заң мен басшылыққа бағыну жайында әңгіме өрбітті.
Кездесуге жергілікті әкімшілік қызметкерлері, тілшілер, мектеп ұстаздары мен ішкі саясат қызметкерлері қатысты, сұрақтарға жауаптар қайтарылды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі