12 наурыз Ақжар ауданы Дәуіт ауылында тұратын өзге дін өкілі Екатерина Игоревна аудандық «Үлкен-Қарой» мешітіне келіп, ислам дінін қошеметпен қабылдады. Себебі, қазақтың салт-дәстүріне және ислам дінінің рәсімдеріне шынайы көңілімен қызығушылық танытуы. Азан шақырып Қалима Игорьқызы аты қойылды. Жұмабаевтар отбасына келін болуына байланысты, шариғат бойынша некесі киылды.
Үлкен-Қарой мешітінің бас имамы Турлубеков А.Б ислам дінінің қасиеті жайында, Құран кәрім кітабы , Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірбаянынан уағыз айтып, Исламдағы бес парыз, иман мен ихсан жөнінде және исламдағы отбасы, ата-ана алтындағы міндет жайылы теренірек түсіндіріп уағыз айтты. Шынай ықыласымен шаһадат айтып, мұсылман болғанына рызашылығын білдірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі