СҚО Уалихан ауданы «Қожахмет хазрет» мешітінің ұйымдастыруымен, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты нәзік жандыларды құрметтеу бір күнмен ғана шектелмейтінін, әр күнімізді оларға арнап құрмет көрсетсек те артық етпейтінін жеткізу. Ардақты аналарды аудандық мешіттің молдасы Мукашов Солтан, алқа мүшесінің төрағасы Галимов Дауренбек 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, отбасына қажетті азық- түлік және тағы басқа заттар табыстады. Игі іс-шараға риза болған ақ жаулықты аналар мешіт ұжымына алғыстарын айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі