28 ақпан күні СҚО Ақжар ауданы «Үлкен-Қарой» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде, Мәуліт мерекесі өткізілді. Оған СҚО бойынша өкіл имамы «Қызылжар» мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы , Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммед-Кутуб, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Жәпішев Әбілхан, аудандық әкім Туралинов Серікбай Шәріпұлы, ауыл молдалар қажылар, ауыл тұрғындары қатысып, Мәуліт мерекесінің куәсі болды. Атап айтсақ, Мәуліт кеші қасиетті Құран оқумен бастау алып, СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, барша мұсылман қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өнегелі өмірбаянынан уағыз айтып, Исламның діни құндылықтары , отбасы, бала тәрбие жөнінде уағыз айтылды. Аудан әкімі Туралинов Серікбай Шәріпұлы жиылған кауымды мәуліт мерекесімен құттықтап, халыққа береке, бірлік жайылы, елімізді өркентеу, даму тәуелсіз еліміз жайылы насихат айтты. Облыс орталық мешітінен келген наиб имам Мұхаммед-Кутуб мәуліт шәріп оқыды. Салауат айтып, дұға жасады. Аудандық мәдениет үйінің ұжымы аранайы мәуліт мерекесіне діни ән шашу тарту етті. Мереке соңында алыс жақыннан келген коңақтар, мәуліт мерекесіне жиылған мұсылман кауымға және жетім балаларға мерекелік дастархан жайылып, қайырымдылық ас берілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі