Ақжар ауданы Үлкен-Қарой мешітінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінің кітапханасында жастармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу барысында «ҚР-дағы этно-аралық қатынастары саласын құқықтық реттеу; даму жағыдайы» тақырыбында уағыз айтылды. Және косымша діни ағым жайында, жастар арасындағы әдепсіз қылықтар, зинакорлық, арақ-шарап, т.б. тақырыптарда сөз қозғалып, уағыз айтылды. Жиынның мақсаты – қазақ жастарын дәстүрімізден аспай, инабаттылыққа бет бұрып, жат әдеттерден сақ болуды насихаттау болды. Жастармен кездесу барысында жастарға жат ұғым мен жат әдеттердің зияны, Ислам дінінің қадір-қасиеті турасында мол мағлұматтар беріліп, қатысушылардың қойылған сұрақтарына толықанды жауап берілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі