31-қаңтарда СҚО Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласында екі әлемнің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) ның мәуліт мерекесі аталып өтті. Аталмыш рухани меркелік шараға СҚО өкіл имамы «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы арнайы келіп, Тайынша жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтап, пайғамбарымыздың (с.а.у) өнегелі өмірінен сыр шертті. Көркем сөз тұғырының биік шыңы атанған солтүстік өңірдің майталман ақындары, Арман Бердалин, Сәрсенбай Хасеновтар мәулітке арнайы келіп, халыққа дәстүрлі әнмен шашу шашты. Рухани кештің соңында Тайынша өңірі бойына діннің өркендеуіне үлесін қосқан ізгі жандар марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді. Мәулітке арнайы жайылған дастарғаннан алыс-жақыннан келген қонақтар дәм татты.