Өткен қасиетті Рамазан айында Қатарда 600-ден аса шетелдік Ислам дінін қабылдады. Бұл туралы IslamNews ақпарат агенттігі Gulf News-дерек көзіне сілтеме жасап хабарлады.
Қатар мейманхана орталығы мен Шейх Ид қайырымдылық ұйымы қасиетті оразада Хақ дінге 615 шетелдік азамат мойын бұрғаны туралы мәлімдеді. Оның 517 ер мен әйел азаматтары Филиппин елінен болса, 26-сы үнділік, 32 – Шри-Ланка елінен, 15-і непалдық және 25 британдық азаматтар.
Ақпарат көзі сондай-ақ Исламды қабылдағандардың 417-сі ер, 144-і әйел екенін де хабарлады. Аталмыш ұйымның мәліметінше, осынша адамның Ислам дінін хош көруі Қатардағы мемлекеттік дін туралы ақпараттардың қол жетімділігі мен дінге жағдай жасалуында болып отыр.
Айта кету керек, Рамазан айында Сауд Арабиясының өзінде 644 шетел азаматы Ислам дініне өткен.