«Иеһованың» илеуі мен билеуі

Ағымның шығу тарихы

«Иеһова» сөзі еврей тілінде «Тәңір» деген мағынаны береді. Әсілі Алла тағала тарапынан келген діндер арасында «Иеһова куәгерлері» деген дін жоқ. Бұндай атауға олар 1931 жылы 26 шілдеден бастап, өздерінің кезекті конгресінде ие болды.

«Иеһова куәгерлері» деген сөз тіркесі «Тәңірді көргендер» дегенді білдіреді. Бұл ұйымның атауы әр тілде куә және шаһит сөздерінің қолдануына қарай өзгеріп отырады. Мәселен, түрік тілінде «Yehova Şahitleri», орысша «Свидетели Иегово», неміс тілінде «Zeugen Jehovas» немесе «Jehovas Zeugen», француз тілінде «Les Temoins de Dieu», ағылшын тілінде «Jehovah’s Witnesses», ал өзіміздің қазақ тілінде «Иеһова куәгерлері» аталып жүр. Бірақ, тіл тарихына жүгініп, иеһова сөзінің шығу тегіне қарайтын болсақ, оның еврейлердің қасиетті кітабынан (Танах – ежелгі Ахитте) алынған «Яхве» (Израиль халқының ұлттық қаһарманы) деген сөз екендігін көреміз. Еврей халқы қасиетті атқа кір келтірмеу үшін «Аданой», «Раб» сөздерінің белгілерімен оқыған, сол себептен «яхве», «иеһова» болып шыққан.

Иеһова ұйымы алғаш 1870 жылы АҚШ-та құрылды. Орталығы – Нью-Йорк қала-сында. Ең алғаш негізін салған кісінің есімі – Ч.Т. Рассел. Ол 1852-1916 жылдар арасында ғұмыр кешкен протестант дін қызметкері. АҚШ-тың Пенсильвания штаты, Питсбург қаласында дүниеге келген. Ата-анасы ирландтық және шотландтық азаматтар болған. Протестанттық пресвитериан шіркеуіне барып жүріп, кейін-нен протестанттық конгрегационалист шіркеуіне өткен. Діни сауаты оншалықты терең болмаса да, ұйымдастырушылық қабілеті аса жоғары болған деседі. Соның арқасында «Қасиетті кітап» деп аталатын діни қоғам құрған. Бастапқыда «Расселизм» немесе «Нағыз Інжіл Зерттеушілері» деп аталып, соңынан ергендерді «расселистер» деп атап кеткен.

Рассел ұйымға діни жетекші болғанымен, өзінің имансыз, оғаш тұстары көп еді. Бұған оның екінші әйелінің қызына көз салып, үйленбек болғаны жеткілікті дәлел. Қай заманда болмасын, өрескелдіктің, арсыз-дықтың нағыз үлгісі еді бұл. Одан бөлек, халықты «керемет, ерекше бидай» деп алдап, бидай сатқаны жайлы дерек бар.

Кейін оның діни сауатының төмендігі, 14 жасынан кейін білім алмағандығы, халықты алдап жүргендігі, жалған куәгер бола беретіндігі, т.б. жексұрын қылықтары әшкереленіп, діни ұйымға жетекші бола алмай-тындығы айтылып, арты дауға айналады. Ақыры ісі сотқа да өткізілген. Соттан оңай құтылғанымен, көп ұзамай о дүниелік болады. Деректерге сүйенсек, Рассел шизофрения деген жүйке ауруына шалдыққан адам екен. Соған қарамастан, ол күні бүгінге дейін «Иеһова куәгерлерінің» пікірінше, «Әлемнің мың жылдық пайғамбары»болып саналады.

Оның өлімінен кейін, 1916-17 жылдар арасында ұйым екі топқа бөлініп кетті. 1917 жылы Рассел-дің орнына келіп, басшылықты қолына алған адвокат Разерфолд бытырап кеткен ұйымның басын қосып, біріктірді. Разерфолд жалпы сауатты, салмақты, сабырлы адам болған. Ол біртіндеп қоғам-ды толық меңгеріп, халықтың сеніміне әбден кіргеннен кейін, «Иеһова» – менмін» деп жариялады. Расселдің қылығы халыққа әшкере болғанын пайдалана отырып, «Расселистер» деген атты құртуға бел байлап, 1931 жылы кезекті конгресс өткізеді. Бұл конгресте осы ағымға «Иеһова куәгерлері» деген атау беріледі. Ұйымды 25 жыл басқарған Разерфолд 22 кітап және көптеген брошюралар шығарып кеткен болатын. Ол негізі бұл ағымның тексіз екенін білсе де, қажымас қайрат көрсетті. Бірақ өзі күткен жақсылықтарды көре алмай, 1942 жылы 8 қаңтарда көз жұмды. Оның өлімінен кейін бұл ағымды Н.Х.Кноор есімді азамат басқарды. Ол Гелайд қаласында «Иеһова куәгерлерін» дайындайтын үлкен мектеп ашты. Оған «Қасиетті кітап» деген ат берді. Осында 15000-ға жуық өте сауатты миссионерлер дайындап шығарды. Онда әртүрлі ұлттардың, халықтардың балалары оқыды. Қазіргі таңда бұл саяси қоғамды таңдаулы адамдардан құрылған алқа басқарады.

Олар Иса мәсіхтің екінші рет келгеніне, жерде патшалық құрғанына және 1914 жылы көкке көтеріліп кеткеніне сенеді. Олардың көзқарасы бойынша, Иса Мәсіх 144 000 Иеһова куәгерлерімен бірге жерге «Армагеддон» соғысын жариялайды. Бұл соғыста барлық саяси қоғамдар, партиялар, мемлекеттер мен ұлттар және шайтанның күші жойылатындығына сенеді.

«Иеһова куәгерлері» ағымының ұстанымдары


Бұл ағым көптеген қоғамға жат, зиянды қылықтарды өздерінің негізгі ұстаным-ұстындары етіп алған. Атап айтқанда:

– Қан беруге, алдыруға, жалпы қан құюға қарсы; Көптеген діндерде, оның ішінде Ислам дінінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адам баласына қан алдырып, яки қан құю секілді амалдарға қарлылық көрсетпеген.

– Сайлауға қатысуға қарсы;

– Иеһовалықтар қандай жағ-дайда да қолдарына қару алуға қарсы. Ер-азаматтардың әскерге баруын дұрыс емес деп үгіттейді. Ал дінімізде әрбір адамға соғыс өнерін үйрену, Отанын қорғау мақсатында кез келген жауға тойтарыс бере алу үшін қару-жарақты сайлап жүру парыз;

– Жер бетінде тек бір ғана патшалық болу керек, ол – «иеһова патшалығы» деп үгіттейді. Мұнымен қатар, жер бетінде тек иеһова куәгерлері ғана үстемдік ету керек деп санайды;

– Мемлекеттік рәміздерді (Елтаңба, Әнұран, Ту) мойындамайды.

– Бұл сектаның мүшелері көше-көшені аралап, мұсылмандарды өздеріне тарту мақсатында «біз де мұсылманбыз» дейді. Мұнымен бірге, көнеден сыр шертетін тарихымызды, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жоққа санайды;

– Ата заңымызды толыққанды мойындамайды;

– Дұға жасағанда тек Иса-құдайдан ғана тілеу керек деп санайды;

– Адамзат баласын тек қана иеһова куәгерлері құтқарады» деп үгіттейді.

– Көпшіліктің уақытын алып, ел арасында түрлі пікір қай-шылықтарын туғызып, алаң-датып, үрейлендіреді. Қазақтың ұлттық мерекелерін қолда-майды. Көп ұлттар мекендейтін еліміздегі тұрақтылық пен ауызбірлікті жою мақсатында миллиондаған қаржы бөледі. Ұйымға өткен әрбір азамат өз меншігіндегі артық заттары мен дүние мүліктерін аталмыш «патшалыққа» өткізуге міндетті;

– Періштелердің арасын айырып, бірін қолдаса, бірін жоққа шығарады. Иеһова куә-герлері өзгелерге үйленіп немесе тұрмысқа шығуды құп көрмейді. Ал үйленген жағдайда жұбайы иеһова куәгерлігіне өткен жағдайда ғана жүзеге асатындығын айтады, т.б.

Қазіргі таңда бұлар өз сектасына жастарды тарту мақсатында жер-жерде тегін «компьютерлік сыныптар» мен «тегін ағылшын тілін үйрету орталықтарын» ашып, онда өзіміздің қаракөз қандас-тарымызды азғыруда. Бұл секта Қазақстан бойынша жүз мың шіркеу салуды жоспарлаған. Сонша шіркеу кімге қажет болып отыр? Көшелерде өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын сиқыр арқылы атқарады.

Бұл сектаның ең үлкен қателігі – христиан дініндегі секілді, Иса (ғ.с.) пайғамбарды құдай деп санауы. Мұнымен қатар, ішімдік, шарапты Исаның қаны деп айтады. Ал енді ішімдік, шарап ішкен адамның жағдайын кез келген адам жақсы біледі.

Иеһовалықтардың бір кіта-бында: «Мұсылмандардың бірлігі олардың мақсаттарына же-туіне және Батысқа тәуелсіз болмауына алып келеді. Миссионерлік әрекет осы бірлікті бұзуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан, біз олардың бірігуіне сол арқылы жол бермеуіміз керек (Симон, миссионер)», – деп көрсетілген.

Мұнымен қатар, иеһова куәгерлері: «Мұхаммед – пайғамбар емес, ол – Құранды Мұсаның Тәурат кітабынан көшіріп, қалған кітаптарды жазып үлгере алмады», – деп Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жала жауып, үгіт жүргізуде.

Иә, айта берсе, иеһовалық-тардың қазаққа келтіріп жатқан зияндары шаш-етектен. Мұның бәрін бір мақалада толық қамту мүмкін емес. Сондықтан, біз қазақтың үш ұйықтаса түсіне кірмеген осындай кірме ағымдардан әрдайым бойымыз-ды аулақ ұстауымыз керек.

Осы мақала барысында елімізде жүрген бір теріс ағымның сипаттамасы берілген болса, дәл осындай секталардың әлі қаншамасы бар. Бәріне ортақ бір сипаттама берер болсақ: олар Исламға, қазақтың салт-дәстүрлеріне қарсы, мақсаттары – елді бұзу. Сондықтан, құрметті мұсылман бауырлар, белең алып отырған түрлі ағымдардың әрекеттері еліміздің жастарын рухани азғындыққа итермелеп, азғыруда. Олар бүгін біздің жерімізде тайраң салып жүргенімен, күндердің күні табанын жалтырататыны хақ. Ендеше, біз қазірден жастарымызды секталардан аулақ салып, теріс пиғылдың жерімізде жайылуына тосқауыл болуымыз шарт.

Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ,
Шымкент қаласы

islam-orkeniet.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲