Бас мүфти жаңа медресенің ашылу салтанатына қатысты

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бояулы ауылында жаңа медресе ашылды. Бұл Алматы облысында ашылған екінші медресе.

Медресенің ашылу рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Ел мен жерге қызмет етіп, соңына өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың барлығы сауатын медреседен ашқан.  Медреседен білім алған шәкірттер еліміздің бірлігі мен имандылығына қызмет ететіне сенемін. Бүгінде  медресе ашып, дініміз бен дәстүрімізді насихаттауымыз – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің арқасы»,- деді Бас мүфти.

Медресе бір мезгілде 20-30 шәкіртке қызмет көрсете алады. Медресе алдағы уақытта облыс көлемінде ғана емес, бүкіл еліміздің түкпір-түкпірінен келетін шәкірттерге де қызмет көрсететін болады.

muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲