ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЗИРАТТА ДА ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымайды», деген сөз бар. Сондықтан бақилық болғандардың орны –  зиратты таза ұстау, қоршауларын сырлап, тәртіпке келтіруге мешіт қызметкерлері жауапкершілік арқалайды. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с) Хадисінде: «Тазалық  иманның жартысы», делінген. Жыл сайын қар шеті сөгіліп, күн құрғағаннан кейін Петропавл қаласындағы  мұсылман зиратында тазалық жұмыстары жүргізіледі. Биыл да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына орай «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен облыс орталығының тұрғындары  демалыс күндерінде қала іргесіндегі мұсылман зиратының маңайын ретке келтірді. Сенбілік өтетіні жайында шаһар тұрғындарына мешіттің бірінші қабатындағы жүгіртпе жол арқылы, жергілікті телеарналардан хабарландыру берілген  болатын. Сенбілікке барлығы мыңға тарта адам қатысқанын айта кеткен жөн. Зират ішін тазартуға жастармен бірге, ел ағалары да ат салысты. Жүк машиналарына артылған қоқыстар сыртқа шығарылды.

Тазалық жұмыстары барлық аудандарда жалғасын табуда.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

 IMG_3743.jpg (666×500) IMG_3739.jpg (666×500)

Return to Top ▲Return to Top ▲