ӨКІЛ ИМАМ ШӘКІРТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Астана қаласындағы «Нұр Астана» медресесінде білім алып жатқан шәкірттермен кездесті. Бүгінгі күні теріскей өңірінен аталмыш жоғары оқу орнында онға тарта шәкірт оқиды.Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Имам – басшы әрі қоластындағыларға жауапты» деген хадисі бар, деді шәкірттерге өкіл имам. «Сіздер таңдаған жолдың жауапкершілігі зор. Алған білімдеріңізді еліміздің береке бірлігін нығайтуға, дінімізді өркендетуге жұмсасаңыздар, нұр үстіне нұр емес пе».
Сондай ақ, кездесуде бас имам облыстағы діни ахуал жайында әңгімеледі. Қазіргі таңда өңір тұрғындарының 45 пайызын мұсылман дініндегілер құрайды. Ал оларға діннің талаптарын дұрыс түсіндіру, әрине имам-молдалардың міндеті. Кенжетай қажы Байкемелұлы өз сөзінде: «Тәуелсіздік алғаннан бері облысымызда мешіттер көбеюде, бүгінгі күні олардың саны 66-ға жетті. Әрине, олардың бәрінде бірдей жоғары діни білімге ие мамандар қызмет атқарып жатқан жоқ. Сондықтан елге оралып, халық игілігі жолында еңбек етсеңіздер», деген тілегін де жеткізді.

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲