АУЫЛ АЗАМАТЫ МЕШІТ САЛДЫ

Солтүсік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Жарғайың – береке-бірлігі ыдырамаған ауыл. Бірақ, осы күнге дейін ауылда мешіт болмаған еді. Енді, міне тұрғындар тілегі орындалып, осы елдің перзенті, жеке кәсіпкер Дулат Қалитов 100 орындық Алла үйін салып, халық игілігіне берді.
Салтанатты жиынға «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы да қатысып, сөз сөйледі. «Азаны бар ауыл азбайды», деп сөзін сабақтаған бас имам, мешіт салу сауапты іс екенін айтты. Сондай- ақ, Алла үйі ауылды имандылыққа, береке-бірлікке ұйытатын орын болатынына сенім білдірді.
«Жарғайыңның маңайында Өрнек, Мектеп секілді қазақ ауылдары бар. Бұл мешіт осы елді мекендерге де ортақ болғалы тұр», дейді Дулат Қажыкенұлы. Кәсіпкер Алла үйін екі жыл тұрғызыпты. Бұл мақсатқа 16 миллион теңге қаржысын жұмсапты. Заманауи үлгідегі мешіт тұрғындарды да қуантып отыр.
Мешіттің ашылу салтанатына осы елдің жырақтағы тумалары, облыс орталығынан арнайы делегация келіп, қатысты.
Бас имам Кенжетай қажы Байкемелұлы жамағатқа жұма намазын өткізіп, тозақтың сипаттары жайында уағыз айтты.
СҚО «Қызылжар» орталық мешіті.

Still1219_00001 Still1219_00002

Безымянный  цуц

Return to Top ▲Return to Top ▲