Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы
Туған күні: 27-қаңтар 1984 жыл
Білімі:
2000 – 2001 жж. Қазақстан Республикасы, СҚО, Айыртау ауданы, Карасевка ауылындағы орта мектепті тәмамдаған.
2001 – 2004 жж. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетінің 4-курсына дейін «Исламтанушы және имам хатиб» мамандығы бойынша оқыған.
2004 – 2008 жж. Либияның Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру» Университетін араб тілі және дінтанушы мамандығы бойынша бітірген.
2008-2009 жж. Либияның Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру» Университетінің магистратурасында 1 жыл оқыды.
Магистратура:
2015-2017 жж. Қазақстан Шымкент қаласында орналасқан Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университеті, Факультет: 6M011900 Педогогика.
Еңбек жолы:
2009-2011 жж. Қазақстан Республикасының Либиядағы Дипмиссиясында кезекші комендент-аудармашы қызметін атқарды. Жұмыс барысында болмыш елде болып жатқан күнделікті ақпараттарды жинақтаумен сонымен қатар әртүрлі құжаттарды аударумен айналысты. Болмыш елде болатын көрмелерге, форумдарға, мемлекеттік тұлғалармен кездесулерге қатысты.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап СҚО Петропавл қаласындағы «Қызылжар» орталық мешітінде ұстаздық және www.sko-kmdb.kz мешіт сайтының администраторы қызметін атқарған.
Қазақ тілін, әдебиетін, тарихын терең оқыған. Ислами ағымдар, олардың тарихы жайында зерттеген. Университеттің соңғы жылында ғылыми жұмысын Сұлтан Бейбарыстың ислам өркениетіне қосқан үлесі жайында жазды. Либиядағы студенттік кезінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан студенттік бірлестігінің басшысы болған.
2009-2011 жылдар аралығында Дипмиссиядағы жұмыс кезінде адамдармен жұмыс істеу саласында үлкен тәжірибе жинақтады. Құжаттарды мемлекеттік тілде сауатты жазуды үйренді. Дипмиссия өткізетін шараларда ұйымдастыру істеріне етене араласты.
2012 жылдан бергі «Қызылжар» орталық мешітінде істеген уақытта діни тұрғыда Қазақстанда болып жатқын діни ұстанымдағы қателіктер мен әртүрлі діни секталардың әрекетттерімен танысты. Олармен күресу жолдарын үйренді. Мешіт жұмысынан бөлек, 2012 жылдан бастап, облыс бойынша түрмелерде экстремизм-терроризм бабымен сотталған азаматтармен сұхбат барысында оң нәтижелерге қол жеткізді.
2017 жылдың қараша айында ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы қызметіне тағайындалды.
2020 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың 15-қазанына дейін елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
Үйленген, 3 баланың әкесі.