АЗАНШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Республикалық азаншылар жарысының «Қызылжар» орталық мешітінде облыстық кезеңі өтті. Байқауға өңіріміздің барлық аудандарынан үміткерлер қатысып, өз бақтарын сынады. Арнайы комиссия азаншылардың дауыс тартымдылығын, араб әріптерін меңгеру деңгейін, азан дұғасын жатқа айтуын назарға алды. Бұдан бөлек үміткерлерге азанның шығу тарихы, сүннеттері, сипаты және Исламның алғашқы азаншысы, тағы басқа қосымша сұрақтар қойылды.

Байқау қорытындысы бойынша республикалық кезеңге Қызылжар аудандық «Кәусар» мешітінің азаншысы Әділбек Малғаждаров жолдама алды. Жеңімпазға бас имам Кенжетай қажы Байкемелұлы сәттілік тіледі.

[gallery_bank type=»images» format=»masonry» title=»true» desc=»false» responsive=»true» animation_effect=»» album_title=»false» album_id=»1″]

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі. 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲