بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Мәйiттi қайтыс болған жерге жерлеу – мұстахаб. Мәйіт денесі бұзылмайтын болса басқа жерге апарып жерлеуге болады. Жерленген мәйiттi қайта қазып, екінші бір жерге көшіру – харам. Бірақ жерленген жер бiреудің меншігі болып және ол әкетуді талап етсе немесе көпшілікке өте қажет құрылыс, не жол салынатын болса, яки, қабірдің су астында қалу қаупі төнсе, мәйітті басқа жерге көшiруге болады.