Имамның жаназада тәкбiрді 4-тен аз немесе көп айтып қою үкiмi

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабы ғұламалары егер имам жаңылып тәкбiрдi 4 реттен артық айтып қойса, (оған ұюшылар) оған iлеспей, сәлем бергенше күтедi. Кейiн бiрге сәлем бередi, сонда жаназа намазы дұрыс болады. Егер бiле тұра тәкбiр төрт реттен аз айтылса, намаз бұзылады. Ал жаңылып кем айтып қойса намаздың бір рәкәтін кемітіп қойған үкімде болады. Бірақ та жаназа намазында сәһу сәжде жасалмайды. Сондықтан жамағаттан бiр кiсi тәкбiрдiң кем болғандығын имамға ескертуi керек, сонда имам тәкбiрдiң кем болғанын толықтырып, қайта сәлем бередi. Жаназаны қайта оқу шарт емес.

Return to Top ▲Return to Top ▲