Мәйiттi үш қайтара жуу үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Мәйiт 3 рет басынан аяғына дейiн жуылуы керек. Мәйіт бір немесе екі жуғаннан кейін-ақ тазарса да 3 реттен кем немесе артық жуу – мәкруһ (ұнамсыз іс-әрекет). Ал егер де мәйiт 3 реттен кейiн де тазармаса, оны сабынмен тазарғанша жуу керек. Сонымен қатар мәйiттi барынша тақ жуу мұстахаб (мысалы 4 реттен кейiн мәйiт тазарса да тақ болу үшiн 5-шi реттi қосу керек).

Return to Top ▲Return to Top ▲