«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!»: 30 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысында ерекше бала тәрбиелеп отырған 30 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

«Зекет және қайырымдылық» қоры Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс орталығында көмекке мұқтаж, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.

Қайырымдылық шарасына өңірдің бас имамы Аян Болатұлы арнайы қатысып, отбасыларға ізгі тілегін жеткізді. Ол мұндай игі бастамалардың қоғамдағы өзара қолдау мен бауырмалдықты нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға күш-қуат, сабыр мен төзім тілеп, әр шаңыраққа амандық пен береке тіледі.

«Ерекше күтімді қажет ететін баланы тәрбиелеу – ата-анаға үлкен жауапкершілік пен қажыр-қайрат жүктейтін міндет. Мұндай отбасыларға қолдау көрсету, олардың тұрмысын жеңілдетуге үлес қосу – баршамызға ортақ ізгі іс. Таратылған азық-түлік пакеттері отбасылардың күнделікті қажеттіліктеріне аз да болса көмек»,- деді өңірдің бас имамы.

Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қамқорлық таныту бағытындағы осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Return to Top ▲Return to Top ▲