ҚАЛАЛЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» МЕШІТІНДЕ БАЛАЛАРҒА ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

Петропавл қалалық «Қызылжар» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, балаларға тәттілер үлестірілді.

Іс-шара барысында мешітке келген кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы сыйлықтар табысталды. Тәттілерді қалалық «Қызылжар» мешітінің бас имамы Қасымхан Абдуллаұлы өз қолымен таратып, балаларға ізгі тілегін жеткізді.

“Ораза айт – мейірім мен жақсылықтың мерекесі. Осындай күндері балаларды қуантудың орны бөлек. Бұл – олардың жүрегіне жылулық сыйлап, имандылыққа тәрбиелеудің бір жолы”, – деді Қасымхан Абдулллаұлы.

Айта кетейік, мұндай игі шаралар мешіт тарапынан тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мерекелік іс-шара балалар мен ата-аналарға ерекше қуаныш сыйлап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Return to Top ▲Return to Top ▲