Қайырымдылық жасалды

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Рамазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла Тағала басқа айларда парыз істі орындағанның сауабын береді. Ал парызды орындаған адамға басқа айларда парыздың сауабын жазады», – деген ғибратқа толы хадисін негізге алған ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігі, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұжымы қасиетті Қадір түнінің құрметіне жетім балаларға арнап палау дайындап, қарбыз, кәмпит, т.б. тәттілер табыстады.

Кездесу барысында «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Исаев Қасымхан Абдуллаұлы интернат оқушыларына Рамазан айы, ораза, Қадір түні туралы әңгімелеп, адамның мейірімділік, қайырымдылық, адалдық қасиеттеріне ие болу керек екеніне аса тоқталды. Балаларға және тәрбиелешілерге айтылған уағыз қатты ұнады. Айта кетерлік жайт, аталмыш интернаттың балалары қасиетті Қадір түнінде дұға-тілектер тілеп, қасиетті түнді мінажатпен өткізді.

DSC08345

DSC08342

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲