ZERDE ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Бүгін әйелдер мен қыздарға арналған ZERDE оқырмандар клубының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шарамыз лента қиюмен басталып, рухани мазмұндағы әсерлі кездесуге ұласты. Тұсаукесерге мешіттің бас имамы – Хамзат Қажымұратұлы Әділбеков арнайы қатысып, кітап оқудың маңызы, білімнің адам өміріндегі орны туралы құнды насихат айтты.

ZERDE оқырмандар клубы – әйелдер мен қыз-келіншектерге арналған рухани әрі танымдық орта.

Мұнда біз:

  • қазақ әдебиетінің көркем шығармаларын оқимыз
  • ой бөлісеміз
  • бірге дамимыз
  • білім арқылы жүректі нұрландырамыз

Жиында клубымыздың алдағы мақсаттары таныстырылды:

— оқу мәдениетін қалыптастыру

— рухани дамуға жол ашу

— пайдалы орта құру

— қыз-келіншектерді кітаппен дос ету

Return to Top ▲Return to Top ▲