“Қызылжар” қалалық мешітінде “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен «Пайғамбарға салауат айт» атты сайыстың қорытынды кеші өтті.
Кеш барысында үздік қатысушылар марапатталып, қызықты ойындар ойнатылды. Мұнымен қоса, уағыз-насихат айтылып, оразаны қалай дұрыс өткізу керек, қай нәрселерден тыйылу қажет екендігі туралы пайдалы кеңестер берілді.
Жүрекке жылу сыйлаған, иманымызды күшейткен рухани кеш болды. Қатысқан барша жамағатқа Алла разы болсын.







