Қалалық «Қызылжар» мешітінде облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлы жүргізіп келе жатқан ақида сабақтарының алғашқы кітабы аяқталуына орай жамағат арасында білім сайысы ұйымдастырылды. Наиб имам әр сейсенбі сайын ақшам намазынан кейін тұрақты түрде ақида дәрістерін өткізіп, мешіт жамағатының сенім іліміне деген қызығушылығын арттырып келеді.
Сайыс нәтижесінде бірінші орынға Еділ Зікірин лайық деп танылды. Екінші орын Серік Арзақұловқа бұйырса, үштікті Амангелді Қойшығұлов түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
Марапаттау рәсіміне Хамзат Қажумұратұлы қатысып, қатысушыларға алғысын білдіріп, білімге ұмтылған жамағатқа ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, бұл шаралар жамағат арасында діни сауаттылықты арттыруға зор үлес қосады.
Жалпы ұйымдастырылған сайысқа 10-ға жуық жамағат мүшесі қатысып, өз білімдерін сынға салды. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.







