ЕСЕПШІЛЕР ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА БАС ҚОСТЫ

Өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының қатысуымен облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде қала және аудандық мешіттердің есепшілеріне арналған жұмыс жиналысы өтті.

Іс-шара барысында мешіттердегі есеп-қисапқа қатысты қордаланған мәселелер кеңінен талқыланып, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Жиын барысында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы тарапынан белгіленген тапсырмалар мен талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар есеп жүргізу ісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар ортаға салынды.

Кездесу соңында жұмыс нәтижелері қорытындыланып, қызметінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген есепшілер марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Return to Top ▲Return to Top ▲