Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына қарасты Қулыкөл ауылында зәулім жаңа мешіт бой көтерді. Ғибадат үйі 150 адамға дейін сыйымдылығымен ерекшеленеді. Бұл – ауыл тұрғындары үшін рухани өмірдің жаңғыруына жол ашатын маңызды оқиға.
Мешіттің ашылу салтанатына өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы қатысып, жамағатқа құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде мешіттің дін мен дәстүрді ұштастыратын, ел бірлігін нығайтатын орын болатынына сенім білдірді.
Шара аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ауыл халқы мен қонақтар үшін мерекелік көңіл-күй сыйлады.



