АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА МЕШІТ САЛЫНУДА

Аққайың ауданында игілікті іс жалғасуда. «Аққайың-Асар» қорының төрағасы Сайран Шайсұлтанұлы Хамзаның бастамасымен және ел азаматтарының демеушілігімен жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

Қазіргі таңда нысанның сыртқы жұмыстары толықтай аяқталуға жақын. Енді ішкі әрлеу және безендіру жұмыстары бастау алады. Бұл мешіт — аққайыңдықтардың көптен күткен рухани ордасы болмақ.

Жобаға аудан тұрғындары мен жомарт демеушілер белсене атсалысып, өз үлестерін қосуда. Халықтың бірлігі мен ниетінің арқасында осындай игі бастама жүзеге асып жатыр.

Return to Top ▲Return to Top ▲