Солтүстік Қазақстан облысындағы дін қызметкерлері кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында арнайы оқыту курстарына қатысуда. Бұл оқу курстары облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Курстың мақсаты — имамдардың діни білімін тереңдетіп, қоғамдағы беделін арттыру.
Аталған оқуға өңір мешіттерінен 80-ге жуық имам қатысып жатыр. Айта кетерлігі, оқу-ағарту бөлімі бекіткен бағдарлама аясында С-санатындағы имамдардан құралған алғашқы топ білім алу кезеңін аяқтады.
Өңірдің бас имамы оқуды сәтті тәмамдаған дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табыстады.




