Қасиетті оразаның үшінші күні күнделікті үрдіс бойынша мешіт ауласында тігілген киіз үйде Тайынша ауданының әкімі Салтықов Серік Төлеуұлы ауызашар берді. Аузашарға арнайы іс-сапармен облыс имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қатысып, келген жамағат пен халыққа уағыз насихат айты.
Алланың қалаумен көптен күткен жаңбыр сол күні нөсерлеп жауды. Жиналған халық ауызашар иесіне шексіз алғыстарын білдіріп, облыс деңгейінде асыл дініміздің көркейіп, дамуына өз үлесін қосып жүрген азаматтардың бірі екенін тілге тиек етті.