ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырысымен Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясы Омбы қаласына барды.
Іссапар барысында өңірдің бас имамы «Сібір мұсылмандарының рухани құндылықтары: конфессияаралық ұлтаралық сүйіспеншілік негізіндегі қарым-қатынас» атты аймақтық конференцияға қатысты. Алқалы жиында қатысушылар дәстүрлі құндылықтарды, отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің рөлін, Ислам құндылықтарын талқыға салды.
Айта кетейік, аталған маңызды іс-шараны Омбыдағы Бірінші қалалық орталық мешіті Омбы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Осылайша конференцияда маңызды тақырыптар көтеріліп, бірқатар ұсыныстар берілді.