Жастар арасында бірлікті нығайту – басты мақсатымыз.

Асыл дініміз қашан да деннің саулығына, адамның салауатты өмір салтын ұстануына ерекше көңіл бөлген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпінде айтқандай: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек». Демек, Алла тағалаға жақын болам деген әр мұсылман адам өзінің денсаулығына қатты мән беруі керек. Осы орайда, ҚМДБ Жастар бөлімінің СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облысымызға қарасты қала, аудан жастары  арасында футболдан жарыс өткізілді. Оған 10 команда қатысты. Атап айтқанда Аққайың аудындың мешіті, Айыртау аудандық мешіті, Уалиханов аудандық мешіті, Тайынша аудандық мешіті, Мамлют аудандық мешіті, Ғ. Мүсірепов  аудандық мешіті, Шал ақын аудандық мешіті, Қызылжар аудандық мешіті, қалалық Бензастрой мешіті, қалалық «Нұр» мешіті.  Жарыстың ашылу салтанатында облыс имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы ислам дінінің спортқа деген көзқарасын айтып өтті. «Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады»,- деп сөзін аяқтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Жастар арасында бірлікті нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті. Нәтижесінде, Аққайың ауданынан келген команда жеңімпаз атанып, кубокпен марапатталды, ал 2 орынға ие болған Тайынша ауданының ойыншылары мен 3 орын иегерлері қалалық «Нұр» мешітінің командасына марапаттау грамоталары табысталды.IMG_1413 «Дені саудың- жаны сау» демекші, жастар салауатты өмір салтын ұстанса – бұл егемен еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ. Іс-шарадан кейін мешітте ойыншыларға дастархан жайылып, шараның негізгі мақсаты болған бауырмашылық, бірлік жайында уағыз айтылды.

IMG_1420

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲