СМАЙЫЛ СЕЙІТБЕКОВ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Смайыл Сейітбеков жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Смайыл Сейітбековтің өңірге сапары облыстық «Қызылжар» орталық мешітінен басталды. Ол қала, аудан бас имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірбаяны және ислам тарихы» тақырыбында семинар өткізіп, облыс имамдарының толғандырған сауалдарын тыңдап, мардымды жауап берді.

Сонымен қатар Смайыл Сүйерқұлұлы құптан намазы алдында қала, аудан, ауылдан жиналған ағайынға «Жат ағамның пайда болуы» тақырыбы төңірегінде уағыз насихат жүргізді.

Ал сапардың екінші күні Смайыл Сүйерқұлұлы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ұйымдастырылған «Марал Ишан: өмірі мен қоғамдық діни және саяси қызметі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, баяндама жасады.

Return to Top ▲Return to Top ▲