ӨҢІРДІҢ БАС ИМАМЫ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ДАЙЫНДЫҚ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

СҚО бас имамы Хамзат Әділбеков жұмыс сапарымен Аққайың ауданына қарасты Дайындық ауылында болды.

Сапар аясында Хамзат Қажымұратұлы аталған ауылдың ғибадат үйімен танысып, жамағатпен кездесу өткізді. Оның барысында аудандағы, ауылдағы діни ахуал талқыға салынды.

Өңірдің бас имамы азаматтардың сұрақ-сауалдарына жауап беріп, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲