ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК  МҰҚТАЖ ХАЛЫҚТІКІ

Өңіріміздегі су тасқынынан біраз жерлестеріміз мал-мүлкінен, баспанасынан, айырылып, зардап шекті. Осындай қиын-қыстау сәттерде халқымыз өздерінің ауызбірлігін, адамилық, бауырмалдық қасиетін көрсетіп бір-біріне демеу болуда. Мешіт имамдары да елге төнген қарғын судың каупіне қарсы тұруға бірге атсалысып келеді. «Зекет қорына» түскен гуманитарлық көмекті  судан зардап шеккен отбасыларға беру жөнінде  бүгін Қызылжар орталық мешітінде  имамдардың қатысуымен жиын өтті.

Бас имам Хамзат Қажымұратұлы  жан-жақтан келген гуманитарлық көмекті белгілі тәртіппен, әділдікпен, аса жауаптылықпен мұқтаж отбасыларға берілуі керек екенін айтты. Халықтан жиналған көмек  халықтікі екенін ұмытпауымыз керек-деді бас имам.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲