Қызылжар өңіріне ақпараттық насихат тобының мүшесі ретінде арнайы іссапармен келген Жұмағұл Қанат облыстық Қызылжар орталық мешітінде өткен «Ислам және дәстүр құндылығы» атты семинарға қатысты.
Семинардың мақсаты- дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны сондай ақ, ұлттық құндылықтарды дұрыс қалыптастыру үшін ажырамас тамырдай тереңдеп кеткен ислам діні мен қазақы салт-дәстүрлерін, қазақ тарихын негізге ала отырып, уағыз- насихат, түсіндіру, ақпараттық жұмыстар, жастармен кездесулер өткізудің маңыздылығы жайлы айтылды. Қала және аудан имамдары тақырыпқа сай өз ойларын ортаға салды.
облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі