ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

Қасиетті Рамазан айының ішінде «Зекет қорының» ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің 164/66 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге қайырымдылық көрсетілді.

Қызылжар орталық мешіті биылғы қасиетті рамазан айында түрлі бағытта қайырымдылық шараларын өткізуде. Соның бірі түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 60 тан астам адамға  және 50 шақты мешітке келуші жамағатқа «Рамазан қоржыны» таратылды. Осы мекемеде әр өңірден келіп жазасын өтеп жатқандар көрсетіліп жатқан мұндай қайырымдылыққа өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Return to Top ▲Return to Top ▲