Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 30-ы күні Петропавл қаласының Жұмысшы кентінде орналасқан тұрғын үйде орын алған өрттің салдарынан мұсылман отбасының өмірі қиылды.
ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешіті және Петропавл қалалық «Нұр» мешітінің жамағаттары атынан тілсіз жаудың салдарынан бақилық болған мұсылман отбасының туыстарына 160 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі