Ақпарат құралдарында «Алматыда 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікпен мешіт күзетшісі ұсталды» деген мазмұнда жаңалық жариялануда.
Осыған байланысты Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлайды:
Біріншіден, зорлау оқиғасы «Нұр-Мүбарак» мешітінде болмаған. Бұл – анықталған, тексерілген дәлелді дәйек. БАҚ өкілдерінен «қылмыстық оқиға мешіт ішінде болған» деген жалған ақпаратты таратпауды талап етеміз.
Екіншіден, зорлау фактісі бойынша күдікпен ұсталған азамат мешіт күзетшісі емес. Нұр-Мүбарак университеті және оқу орнына қарасты нысандарды «Скимен.KZ» компаниясы күзетеді. Күдікті азамат «Скимен.KZ» компаниясының заңды қызметкері.
Үшіншіден, осы оқиғаға байланысты қажетті жедел тергеу іс-шаралар кешені өткізілуде. Тергеу амалдары толық біткен соң ресми мәліметтер қосымша жарияланады.
Төртіншіден, мешітке қатысты анықталмаған ақпараттарды таратпауды тағы да талап етеміз.