ТУЫСҚАННЫҢ АҚЫСЫ

Әрбір кісінің туыстарымен, жақындарымен қарым-қатынасты үзбеуі, қорғауы дініміздің ең көп мән беретін негіздердің бірі. Өйткені Аллаһ Тағала туыстарды бір-біріне мирасқор еткен. Туыстар арасында көптеген міндеттер жүктей отырып, байланысты күшейткен.

Туыстар адамның материалдық және рухани тұрғыдан күйзелуден құтқарады. Әрі көптеген игі істердің іске асуына жәрдемші болары хақ. Пайғамбарлар тәблиғтерін (үміттерін) әуелі өз туыстарына жеткізген. Әрі олардың демеуі арқылы, өз міндеттерін ойдағыдай атқарған.

Мысалы Шұғайыптың (а.с.) бүлікшіл қауымы: «Егер ағайының болмаса,сені тасқа борап өлтірер едік», – деген болатын. Сондықтан мұсылман діни және дүниелік істерде туыстарына пайдалы болуы қажет. Игі істерде оларды қолдану үшін туыстық қатынасты үзбей, өзінің туыстық парызын мүлтіксіз орындауы ләзім. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

  1. ҚҰРАН АЯТТАРЫ:

Бірінші аят:

أُولَئِكَ الَّذِينَ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فَأَصَمَّهُمْ وَأَعْمَى أَبْصَارَهُمْ

.«(Уа, мұнафықтар!) егер сендер іс басына келетін болсаңдар, жер жүзінде бұзақылық жасап, туыстық қатынасты үзесіңдер ғой![1]

Екінші аят:

 وَبِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَـامَى وَالْمَسَـاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَى

«Туыстармен арадағы қарым-қатынасты үзуден сақтаныңдар! Күмәнсіз, Аллаһ Тағала сендерді бақылаушы» [2]

Үшінші аят:

وَاتَّقُواْ اللَّهَ الَّذِي تَسَآءَلُونَ بِهِ وَالأَرْحَامَ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَيْكُمْ رَقِيباً

«Ата-анаға, туыстарға … жақсы мәміле жасаңдар!» [3]

  • ХАДИСТЕР:

Бірінші хадис:

فعن أنس بن مالك -رضي الله عنه- قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم:من سرَّه أن يُبسَطَ له رزقُه، وأن يُنسَأَ له في أثرِه، فلْيَصِلْ رَحِمَه

Әнас ибн Мәліктен Пайғамбарымыз ﷺ «Кім ризық-несібесінің көбеуің және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайын-туыстық қарым-қатнасын күшейтіп, оған қарайлассын». [4]

Екінші хадис:

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ قَالَسَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ قَالَ اللَّهُ أَنَا الرَّحْمَنُ وَهِيَ الرَّحِمُ شَقَقْتُ لَهَا اسْمًا مِنْ اسْمِي مَنْ وَصَلَهَا وَصَلْتُهُ وَمَنْ قَطَعَهَا بَتَتُّهُ

Алла елшісі ﷺ: «Туысының жасаған игілігіне, дәл сондай игілік жасаған жан туыстық қатынасты үзбеген кісі қатарына енбейді. Нағыз туыстық қатынасты үзбеген жан, туыстары онымен қатынасты үзгенімен, оларға жақсылық жасаудан танбаған жан (болып табылады)» [5]

Үшінші хадис:

عن عبدِاللَّهِ بنِ سَلاَمٍ ، أَنَّ النَّبِيَّ قالَ: أَيُّهَا النَّاسُ أَفْشوا السَّلامَ، وَأَطْعِمُوا الطَّعَامَ، وَصَلُّوا باللَّيْل وَالنَّاسُ نِيامٌ، تَدخُلُوا الجَنَّةَ بِسَلامٍ

Пайғамбарымыз : «Уа адамзат! Өзара сәлемді жайыңдар,аш-мұқтажарды тамақтандырыңдар, туысқандармен болған байланысты үзбеңдер, адамдар түнде ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқыңдар. Міне, сонда аман-есен  жәннатқа кіресіңдер», деп те айтқан.   [6]

  • ІЗГІЛЕРДІҢ СӨЗДЕРІ:

– Имам Бухари: «Туыстарымен қатынасты үзген жан пейішке кірмейді»

– Ибн Аббас:  Алла Тағала кейбір адамдарды – ашуланшақ болса да мархамет назарымен қарайды, кейбір амалдарының салдарынан  оның өмірін жақсартады, малын көбейтеді. Себебі, ол адам – ағайын-туыстарына, жақындарына көп жақсылық жасайтын салдарынан.

– Әбу Харраш әс-Суләми (р.а.) келтірген хадисте пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Кім туысымен алты күн қатыспаса, оның қанын төккенмен тең».

  • ҒИБРАТТЫ ҚИССАЛАР:

Бірінші қисса:    

Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) пайғамбарлық келместен бұрын көкесі Әбу Тәліптің материалдық әл-ауқаты төмен болатын. Өзі шеттей бала- шағалы жан. Көптеген қиындықтарға тап болып, әжептәуір қиналып қалады. Мұны байқаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзге көкесі болып келетін Хазірет Аббасқа келіп: «Көкешім! Бауырың Әбу Тәліптің шеттей бала-шағасы бар екендігін білесің! Адамдар аштыққа душар болып, қиналып жатыр. Қанекей! Екеуміз Әбу Тәліпке барып сөйлесейік.Ұлдарының бірін мен, бірін сен ал. Осылайша оның ауыртпалығына қол ұшын берейік», – деді.

Хазірет Аббас (р.а.) бұл ұсынысты қуана-қуана қабыл етті. Екеуі бірге Әбу Тәліптің үйіне барады. Әбу Тәліп ұсынысты естіп: «Ақылға тимеңдер! Қалған ұлдарымның арасынан таңдағандарыңды алыңдар», -деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әлиді (р.а.) ал көкесі Аббас Жаппарды алды. Адамзаттың асылы Пайғамбарымызға (с.а.у.) пайғамбарлық келгенге дейін Хазірет Әли оның қанатының астында тәрбиеленді  [7]

Екінші қисса:      

Әбу Хурайра (р.а.) былай деп әңгімелейді: «Жақын туыстарыңа ескертужаса» деген аят түскенде АллаһЕлшісі (с.а.у.) Құрайыш руын шақырды. Олардың баршасы Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бәз біреулерге жалпылай, ал бәз біреулерге жекелей былай деп жар салды: «Уа, Абдушамстың ұлдары! Уа, Кағб ибн Луайдың ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарып қалыңдар! Уа, Абдуманафтың ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарып қалыңдар! Уа, Хашимның ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарып қалыңдар! Уа, Абдулмутталиптің ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарып қалыңдар!

Ей, Фатима! Өзіңді тозақтан құтқарып қал! Өйткені сендерді Аллаһтың азабынан қорғап қалуға шамам жетпейді. Бірақ арамыздағы туыстықтың арқасында, сендермен қарым-қатынасты үзбеймін» [8]

Үшінші қисса:

Амр ибн Абаса (р.а.) былай деп әңгімелейді: «Мен «жәһилия» (қараңғы қарабайыр) дәуірде халықтың адасып жүргендігінің шет-жағасын білетінмін. Тура жолда жүрмегендерін ішім сезетін. Өйткені олар пұттарға табынатын. Сөйтіп жүргенде, Меккеде бір кісінің маңызды нәрселерді айтып жүргендігі құлағыма шалынды. Әлгі кісіні көрейін деп, көлігіме мініп Меккеге тартып кеттім. Меккеге келсем, қала халқы оған қарсы екен. Онымен кездесудің жолын іздедім. Оны тауып алып:

– Сен кімсің? Не істейсің? – деп сұрадым. Ол маған қарап:

– Мен пайғамбармын, – деп жауап берді. Мен:

– Пайғамбар деген кім? – деп сауал қойдым. Ол:

– Мені Аллаһ жіберді, – деп жауар берді. Мен:

– Сені қандай міндетпен жіберді? – деп сұрадым. Ол:

– Аллаһ маған, туыстарға қарайласуды, пұттардың жойылуын,

Хақ Тағаланың бір екендігін білдіруді, оған ешбір нәрсенің серік емес екендігін жеткізу міндетін жүктеп жіберді, – деді [9].

Төртінші қисса:

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) көлігінің үстінде сахабаларымен бірге тұрған еді. Кенеттен бір кісі келді. Келген кісінің асығып аптыққанына таңданған сахабалар:

– Мынаған не болған? – десті. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жол ашыңдар деп ишарат етіп:

– Өзіне сай маңызды ісі бар болар, – деді. Әлгі кісі Аллаһ Елшісінің тізгініне жармасып:

– Уа, Аллаһтың Елшісі! Маған, мені жәннатқа кіргізетін, тозақтан аулақ ететін қандай амал бар? Айтшы! – деді. Оның неге мұқтаж екендігін байқаған Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Тек Аллаһқа құлшылық ет! Оған серік қоспа! Намазыңды оқы. Зекетіңді бер. Туыстарыңа қарайлас!» – деген өсиет айтты. Қойған сауалының жауабын алған сахаба кері айналып қайтып кетті. Оның артынан қарап тұрған Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағыларға қарап:

«Егер айтқандарымды мүлтіксіз орындаса, міндетті түрде жәннатқа кіреді», – деді [10] .

Бесінші қисса:

Сафия анамыз (р.а.) яһудилердің беделді кісілерінің бірі Хуайдың қызы еді. Мұсылманшылықты өз дінінен артық көріп, адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың жұбайы болу мәртебесіне қол жеткізді. Бір күні Сафия анамыздың күңі халифа Омарға (р.а.) келіп: «Уа, мүминдердің әміршісі! Сафия сенбі күнін жақсы көреді. Әрі туыстарымен қарым-қатынасын үзбеді», – деген шағым түсіреді. Мұны естіген Хазірет Омар (р.а.) бір адам жіберіп, анық-қанығын сұрастырады. Қадірлі анамыз әлгі кісіге қарап: «Сенбі күні жайлы сұрап тұрсың. Аллаһ маған оның орнына жұма күнін нәсіп еткеннен бері, ол күнді жақсы көрмеймін. Яһудилер жайындағы сауалыңа тоқталар болсақ, олармен туыстық қатынасым бар. Соны үзбей жүрмін», – деді.

Артынша Сафия анамыз (р.а.) күңіне қарап, неге жала жапқандығын сұрады.

Күң: «Шайтанның дегеніне ердім», – деп кінәсін мойындады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жұбайы Сафияның (р.а.) әлгі кісіге берген жауабы һәм Ислам ахлағын көрсетті, һәм қадірлі анамыздың мұсылманшылықты жан-тәнімен қабылдағандығына ишарат еткен болатын.

Артынша жазықсыз жала жапқан күңіне қарап: «Кете бер! Сені азат еттім», – деді. [11]

  • НАҚЫЛ-СӨЗДЕР МЕН МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР:

Қазақта туыстық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа жіктеп атайды. Біріншісі – адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты (әйелдер төркін жұртым деп атайды). Екіншісі- шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Ал, үшіншісі әйелі не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.

  • Ағайынды жамандап, туғанды қайдан табарсың.
  • Атың жақсы болса – қанатың, ағайын жақсы болса – санатың
  • Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп.
  • Өле жегенше, ағайынмен бөле же.
  • Ағайынды жігіттің кере қарыс жалы бар,
  • Жалғыз басты жігіттің жығар жықпас жаны бар.
  • «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің»
  •  «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп»
  •  «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар»; «Туысы бірдің қонысы бір.
  •  Туысы бірдің уысы бір»
  •  «Жақсы ағаң – орман, жақсы інің – қорған»

Мәшһүр Жүсіпті айтатын болсақ, ол ағайын-туыс, бауырдың жан сырын былай терең жырлайды:

Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,

Алыстамай айналып, жақтайтында ағайын.Ауырыңды жеңіл

Return to Top ▲Return to Top ▲