Рухани келісім күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы әкімі бірнеше қала және аудан имамдарына алғыс хат берді. «Қызылжар» орталық мешітінде өткен жиында облыс ДІБ басшысы облыс әкімінің ізгі тілектерімен алғысын жеткізді. Марапатқа ие болған имамдар өз тараптарынан ризашылықтарын білдіріп, өңір дін ахуалы үшін аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін айтты.